Президент АЭС-ке атау беру үшін байқау өткізуді ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңында “Росатом” салатын алғашқы атом электр станциясына атау беру үшін байқау жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Елдегі және Орталық Азиядағы алғашқы АЭС-ті Ресейдің мемлекеттік “Росатом” корпорациясы салады. Қазақстан атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен “Росатом” бас директоры Алексей Лихачёв 8 тамызда символдық түймені басты. Нысан аумағында капсула салынды.
Билік өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытайдың CNNC компаниясы салады. Бақылаушылар бұл станциялар “Росатом” салып жатқан станцияға қарағанда тезірек пайдалануға беріліп, арзан болуы мүмкін екенін болжам бар. Сәтқалиевтің сөзінше, “Росатом” жобасын іске асыруға шамамен 14-15 миллиард доллар қаражат бөлінеді.







