Олжас Бектенов биыл 53 вокзалды қайта жаңғыртуды тапсырды
Биыл еліміздің 53 теміржол вокзалын реконструкциялау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында айтты. Министрдің айтуынша, қазір бұл жобаларды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр .
Сонымен бірге, министр барлық жоба бойынша биылғы сәуір айында құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау жоспарланғанын айтты. Премьер-министр Олжас Бектенов вокзалдарды жаңғырту мәселесіне ерекше тоқталды.
Қаз
Рус






