Қазақстандықтар сайлау учаскесін EGov Mobile арқылы таба алады

2 528

Фото: ©Pixabay.com15 - ші наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясына байланысты референдум өтеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" қазақстандықтарға жаңа қызмет туралы хабарлаған. Өз сайлау учаскесін іздеген тұрғындарға цифрлық сервис қолжетімді. Оны eGov Mobile мобильді қосымшасы және GOV.KZ. порталы арқылы табуға болады.

"EGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталының басты беттерінде арнайы "Референдум" баннері орналастырылған. Баннерге өтіп, пайдаланушы сайлау учаскесін тексеру қызметіне кіреді, онда ЖСН мен аймақты көрсету қажет. Деректер енгізілгеннен кейін жүйе автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, аймақ пен ауданды, сондай-ақ дауыс беру орнының нақты мекен-жайын көрсетеді", - дейді "Азаматтарға арналған үкіметте".

Сондай-ақ референдум туралы пайдалы ақпаратты табуға болады. 15-ші  наурызда ел бойынша 10 411 учаске ашылмақ. Қазақстанның 62 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан тағы 80 учаске ашылған. Дауыс беру уақыты да анықталды, ол Астана уақытымен сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.