Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов Украинадағы жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қорғаныс министрлігі тарапынан стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды шолып шықты. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер жүктеді. Жиында сондай-ақ тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі сияқты өзекті мәселелер де көтерілді. Бұдан бөлек, уәкілетті құрылым басшылығына Президент тапсырмасының орындалуын ерекше бақылауда ұстап, жағдайға қатысты шұғыл өзгерісті баяндау міндетін жүктеді.