Бекболат Тілеуханның орнына меценат Исламбек Салжанов сайланды
190
Бүгін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен Ұлттық спорт қауымдастығы құрылтайшыларының жалпы жиналысы өтіп, онда мекеме басшысы ретінде Исламбек Салжанов сайланды. Бұл туралы Салжанов өзінің Facebook-парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy на сілтеме жасап.
Ол өз сөзінде қауымдастықтың соңғы 3,5 жылдағы жұмысы жайлы есеп беріліп, жаңа Жарғысы қабылданғанын айта келе дауыс беру нәтижесінде қабылданған тағы бір шешім – Ұлттық спорт қауымдастығы президентін қайта сайлау екенін айтып өтті.
«Қауымдастық президенті қызметіне мені ұсынып, сенім артқандары үшін құрылтайшыларға ризашылық білдіремін. Бұл – қоғамдық негіздегі, артар жүгі мол, жауапкершілігі зор жұмыс.
Қауымдастық Президентінің екі орынбасары болып сайланған әріптестерім Бақдәулет Сәбитов пен Рауан Кенжеханұлын құттықтаймын!
Ұлттық спорт – халықтың рухын көтеріп, баршаға ортақ құндылықтарды қалыптастыратын, отаншыл және мемлекетшіл сана-сезімді күшейтуге ықпал ететін маңызды сала. Оның статусы – мемлекеттің абыройы. Біз ұлттық спортты дамытуға көңіл бөлу арқылы елдік рух пен бірлікті күшейтеміз. Мемлекеттің халықаралық беделін көтереміз.
Алдағы уақытта ұлттық спорттың стандарттарын бекітіп, жаңа форматтарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Ұлттық ат спортын модернизациялау мақсатында «Ұлы Дала Жорығы» марафон-бәйгесіне жан-жақты қолдау көрсетеміз.
Болашақта ұлттық спорт жарыстарына тікелей трансляция жасауды жолға қою қажет. Одан бөлек, спорттық инфрақұрылымдар салу, отандық тренерлер мен судьяларды дайындау, балалар спортын дамыту сияқты көптеген мәселелер бар.
Ұлттық спортты көтеру арқылы елдің бірлігін арттыруға, мемлекетімізді күшейтуге үлес қосамыз.
Бұл салада тұшымды ой, келелі ұсыныстарыңыз болса, айта отырыңыздар», - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл қызметті осыған дейін Бекболат Тілеухан атқарып келген. Ол қазір Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті лауазымын атқарып жүр.