AMANAT пен «Әділет» бірігетіні ресми жарияланды

2 514

Коллаж: orda.kzAMANAT партиясының депутаттары «Әділет» партиясымен бірігу бастамасын қолдады. Бұл туралы AMANAT партиясының XXVI съезінде белгілі болған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпараттық агенттігі.

Партия төрағасы Ерлан Қошанов саяси бірлестік партия дамуының жаңа кезеңін білдіретінін айтқан.

Оның сөзінше, партия алдағы уақытта жаңа даму бағытына бет бұрып, қоғам мен мемлекет сұранысына сай өзгерістерді жалғастырады. Сондай-ақ Қошанов өткен кезеңмен байланысты қоғамдық пікірлердің әлі де сақталып отырғанын атап өткен.

«Елімізге жаңа бөліну сызықтары емес, керісінше біріктіретін жаңа мүмкіндіктер қажет. Сондықтан күш-жігеріміз бен ресурстарымызды біріктіріп, ортақ мақсат жолында жұмыс істеуіміз керек», – деді партия төрағасы.

Оның айтуынша, AMANAT әрдайым «өзгеріс өзімізден басталады» қағидатын ұстанып келеді және бұл қадам уақыт талабына, мемлекет мүддесіне әрі қоғам сұранысына сай қабылданып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.