Германия канцлері Ангела Меркель ресми түрде өкілеттігін тапсырды

310

Ангела Меркель ресми түрде Германия канцлері лауазымынан босатылды. Өкілеттігін тапсыру жайлы құжатты оған президент Франк-Вальтер Штайнмер табыстады - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "РИА Новости" сайтына сілтеме жасап.

Меркельдің отставкаға кету рәсімі Бельвю резиденциясында өткен. 
Ангела Меркель президент Франк-Вальтер Штайнмердің өтінішімен құжатты алуға екі рет келді. Штайнмердің қолынан папканы алған соң Меркель өз орнына қайта отырған. Алайда президент Меркельді суретке түсу үшін екінші рет шақырған. 
Ангела Меркель және Германия үкіметінің өзге де мүшелері жаңа канцлер сайланып, министрлер кабинеті жасақталғанша өз қызметтерін жалғастыра береді. 
Меркель канцлер лауазымына 2005 жылы сайланған. Ол жұмыс істеген уақытта Германияда төрт рет президент ауысқан. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.