Тоқаев журналистерге қастандық жасаған тапсырыс берушілерді табуды тапсырды

230

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарына журналистерге қарсы бағытталған бірқатар қылмыс бойынша мұқият тергеу жүргізуді тапсырды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасына жариялаған болатын. Президентіміздің айтуынша, ол қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған дүние. 


"Президент құқық қорғау органдарына журналистерге бағытталған бірқатар қылмыстарға мұқият тергеу жүргізуді тапсырды. Қоғамдық қауіпсіздік пен мемлекеттің беделіне нұқсан келтіретін заңсыз әрекеттердің орындаушылары ғана емес, тапсырыс берушілері де анықталуы тиіс", – деп жазды Руслан Желдібай.


Естеріңізге салсақ, 14 қаңтарда Алматыда журналист Динара Егеубаеваның көлігі өртенген. Араға бірнеше күн салып, журналист Вадим Борейконың пәтерінің есігіне белгісіз біреулер монтаждау көбігін құйып, YouTube-арнасының атауын жазып кеткені хабарланды. Екі оқиғаны да журналистік қызметіне байланысты жасалған қастандық деп топшылануда. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.