Ағайынды Ахметжановтар: Бірі министр, «погонды ақын», енді бірі – ҚТЖ төрінде отыр
318
Қаңтар оқиғасынан кейін Ішкі істер министрі қызметіне кіріскен Марат Ахметжанов әзірге айтарлықтай нәтижелі ісімен көзге түсе қойған жоқ. Мүмкін, бас полицейдің еңбегін бағалау үшін біраз уақыт қажет шығар. Ал оның бауырлары ел арасында әжептеуір танымал. Бір інісі «шайтанға» өлең арнап, жергілікті радиода жыр жолдарын жиі оқиды. Тағы бір бауыры «Қазақстан темір жолы» сынды алып компанияның басшылық құрамына жайғасқан. Ағайынды Ахметжановтар. Олар кімдер?
Марат Мұратұлы 2022 жылдың 25 ақпанында Ерлан Тұрғымбаевтың орнын басып, министр міндетін мойнына алды. Бұған дейін тергеу органдары мен жемқорлыққа қарсы агенттікте жұмыс істеп, Бас прокуратурада біраз жыл белді қызмет атқарған ол басшылық орынтағына бай тәжірибемен келді. Әсіресе, Марат Ахметжанов аса маңызды әрі құпия істерді тергеумен айналысып, кейін қауіпті қылмыстарды ашатын бөлімді де басқарған. Павлодар және сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облыстарында прокурор атанып, кейін жемқорлықпен күреске бет бұрды. Министр орынтағын жеткенше Марат Мұратұлы жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін азғантай уақыт басқарыпты.
Айтпақшы, прокурорлық қызмет министрдің інісіне де бұйырған. Айырмашылығы сол, ағасы қала, облыс, республика деңгейінде көтерілсе, інісі Берік Ахметжанов аудан көлемінен әрі асқан жоқ. Есесіне, ол шығармашылығына жиі көңіл бөліп, прокурорлықтан гөрі ақындығымен елге танылды. Оны ел арасында «погонды ақын» деп атайтындар көп. Берік Мұратұлының елге танылған кезі – 2016 жыл болатын. Сол жылы Осакаров ауданының прокуроры жұмыс кабинетінде «шайтанға» арналған өлеңін оқып, кейін әлгі видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Көпшілік елтаңбаның қасында «шайтанға» жыр арнаған прокурордың бұл өнерін құптай қоймады. Тіпті, жоғарыдан тексеру келіп, «погонды ақынның» денсаулығы да сыр берген. Сол кезде ол 35 жылдан бері өлең жазатынын айтып, Бас прокуратадағы болашақ министр ағасын да тілге тиек етіпті.
Жә, ортаншы ұлдың өзіндік өмір сүру стилі бар. Ол пауэрлифтингпен айналысады, тұрғындарды артық салмақтан арылуға шақырып, қолы боста жергілікті радиода жыр оқиды. Ал оның кіші інісі Әнуар Ахметжанов бұдан әлдеқайда салмақты орында отыр. Министрлік қызметке бір қадам жерден тоқтаған ол қазір «Қазақстан Теміржолы» Ұлттық компаниясы басшысының орынбасары қызметін атқаруда.
Әнуар Мұратұлы Ахметжановтар отбасында шетел көріп, «Болашақпен» білім алған перзент. Ол да министр ағасы секілді Бөкетов атындағы ЖОО-да оқып, 2000 жылдардың басында АҚШ-тағы Джон Хопкинс универститетін тәмамдаған. Бір қызығы, үш жыл бойы сарапшы және менеджер міндетін атқарған Әнуар Ахметжанов бірден ірі мұнай компаниясы басшысының орынбасары болып көтерілді. Бұған оның шетелде алған білімі мен іскерлік таланты көмектесті ме, әлде сол кездері беделді қызметте болған ағасының ықпалы тиді ме, белгісіз. Әсіресе, ол бірнеше жыл бойы алпауыт мұнай компанияларында басшылық қызметте болып, кейін өзі туып өскен Қарағанды облысында әкімнің орынбасары, цифрлық инновация, даму және Аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде вице-министр қызметіне дейін көтерілді. Ал 2021 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына тұмсығын тығып, жыл басынан бері компания басшысының орынбасары болып отыр.
Әнуар Ахметжановтың өмірбаянына үңілсеңіз, оның құдды ұлттық компанияларда жұмыс істеуге жаратылғанын түсінесіз. Себебі, санаулы жылдар ішінде бірнеше алып компанияларда басшылық қызмет жасаған адам туралы басқаша ойлау мүмкін емес.
Енді осы орайда заңды сұрақ туындайды. Жыр жазатын прокурор өз бетінше, былғары креслоға ұмытылмай-ақ өмір сүріп жатыр делік. Ішкі істер министрінің туған бауыры ұлттық компанияда жұмыс істеп жатқанын қалай түсінеміз? Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі туыстарының белді компанияларда, әсіресе, квазимемлекеттік секторда еңбектенуіне тыйым салды. Мұндай тыйым министрге жүрмей ме? Әлде Жаңа Қазақстанда бәрі де мүмкін бе? Әлде ҚТЖ секілді «майлы шелпекке» бәрінің де таласы бар ма?
Қазір Назарбаев дәуірінен қалған ағайындылардың орнын Жаңа Қазақстандағы жаңа есімдер басуда. Көп ұзамай Ахметжановтар әулетін де жақсы танып қалармыз. Күтелік...

«Шығармашылығым жұмысқа еш кедергі келтірмейді. Бұл менің жеке өмірім. Керек десеңіз, үстіме форма киіп, президент жайлы да өлең оқи аламын. Мұнда тұрған не бар? Маған туысқаны Бас прокуратурада жұмыс істейді деп, қысым көрсетуде. Ал менің 17 жыл органда істегенім ше? Мен бұл жолды өзім жүріп өттім, көмекшіліктен бастап, аудан прокуроры деңгейіне жеттім. Ол кездері менің ағам органда жұмыс істеген жоқ. Ол енді істеп жатыр. Мен де жұмысты жақсы істеймін, ол да жақсы істейді», - деген Берік Мұратұлының ағасы кім екенін болжау қиын емес.