Вице-министр тағайындалды
Виктория Шегай еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды,- деп "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.
Виктория Шегай 1981 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Мирас университетін және Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының есеп айырысу операциялары бөлімінде жетекші маман болып бастаған.
2004–2017 жылдары "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ, "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ, "БЖЗҚ" АҚ-да жетекші маманнан департамент директорына дейін түрлі лауазымды қызмет атқарды.
2017–2018 жылдары – "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ штаттан тыс қызметкері.
2018–2022 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің басқарма басшысы, директоры.
2022–2023 жылдары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК-ның аға ғылыми қызметкері, реттеу саясаты секторының басшысы.
2023 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры қызметін атқарды.