Экс ұлттық экономика министрі президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
362
Тимур Сүлейменов ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
“Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылсын”, –делінген бұйрықта.
Тимур Сүлейменов 1978 жылы 5 сәуірде туған.
- 2000 ж. – Павлодар мемлекеттік университетінің "әлеуметтік ая мен салалардағы экономика және менеджмент" және "құқықтану" мамандығын бітірген.
- 2002 ж. – Р. Смит Мерилендск университетінің (АҚШ) бизнес мектебінің қаржы мамандығы бойынша бизнес магистры дәрежесі берілді.
- 2002-2006 жж. – "Эрнст энд Янг Қазақстан" аудиторлық компаниясында салықтар департаментінің маманы, кеңесшісі, аға кеңесшісі болып қызмет атқарды.
- 2006 жылы "ҚазМұнайГаз" БарлауӨндіру" акционерлік қоғамының қаржылық есептілікті дайындау департаментіне ауысқан. Кейін бөлім басшысы, одан кейін салықтық есеп және салықтық жоспарлау департаменті директоры болды.
- 2009 жылдың наурызы мен 2010 жылдың наурызында – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі болды. Бюджеттің кірістілік бөлігін болжау және салық саясаты, мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы саясат, кәсіпкерлік қызметті, халықаралық қатынасты дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.
- 2010 жылдың наурызы мен 2012 жылдың ақпаны – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда вице-министрі.
- 2009-2012 жж – Бүкіләлемдік банктің Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары және ЕДҚБ –ның Қазақстан бойынша басқарушысының орынбасары.
- 2012 жылдың ақпаны-2012 жылдың желтоқсаны – Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржылық саясат жөніндегі алқа мүшесі.
- 2016 жылдың 28 желтоқсанынан – 2019 жылдың 25 ақпанына дейін – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.
- 2019 жылдың 2 наурызынан бастап – Қазақстан Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
- 2019 жылдың 22 наурызынан – Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі.
- 2019 жылдың 22 шілдесінен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
- 2020 жылдың 1 қаңтарынан - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.