Алматыдағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді

359

Фото: Ақорда прессҚазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайы маңында орын алған ұшақ апатына қатысты пікір білдірді. 
Мемлекет басшысы ұшақ апатында қаза болғандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алғандарға тез сауығып кетуін тілеген.
 "Алматы әуежайында апатқа ұшыраған ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.Жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін.Менің тапсырмам бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.Бұндай оқыс оқиғалар қайталанбауы керек", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.
 Еске сала кетейік, бүгін 13 наурызда Алматыда әуежай маңында ұшақ құлады. Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе кемесі ҚР ҰҚК-не тиесілі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.