Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

2 579

Фото: АқордаМемлекет басшысына Қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Атап айтқанда, Президентке холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндалды. Нұрлан Жақыповтың айтуынша, олардың қатарына инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, жоғары технологиялық өнім шығару, шетелден тікелей инвестиция тарту, Қор компанияларының экономиканы кросс-субсидиялаудан кезең-кезеңімен бас тартуы және «Самұрық-Қазына» компанияларының IPO-ға шығуы мен SPO кіреді.


Нұрлан Жақыпов қордың былтыр атқарған жұмыстарының қорытындысы және оны орта мерзімді кезеңде одан әрі реформалау жоспары жөнінде есеп берді. Холдинг қызметінің басым бағыттары туралы баяндады.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қор жұмысының негізгі бағыттары бойынша бірқатар міндет жүктеді.