Тәліптер америкалықтармен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге келісті

364
"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) АҚШ өкілдерімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізуге келісті - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.  
Америкалық делегациямен келіссөз Катарда өтті. Бұл "Талибан" қозғалысының алғашқы шетелдік сапары болды.

"АҚШ пен Ауғанстан Ислам Әмірліктері делегациялары арасындағы екі күнге созылған диалог сәтті өтті. Кездесу барысында саяси мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды, ал Ислам Әмірлігі Доха келісімінің толық орындалуын шешудің ең жақсы әдісі деп санайды. АҚШ шенеуніктері ауғандықтарға гуманитарлық көмек көрсететінін, басқа гуманитарлық ұйымдарға көмек жеткізілетінін айтты", – делінген хабарламада.
Талибан барлық мәселе бойынша қайырымдылықпен жұмыс істегісі келетінін және ол жүзеге асатынын қоса кетті.
Сонымен қатар, АҚШ делегациясы мен Ауғанстанның жаңа үкіметі дипломатиялық қатынастарды жақсартуға күш салуға келісті және қажет болған жағдайда мұндай кездесулер алдағы уақытта да өткізіледі деген шешім қабылдады.