Мемлекет басшысы Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

2 542

Фото: АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Ақордада күтіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Көрші ел президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді.


Осыдан кейін президенттік оркестр екі елдің әнұранын орындады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.


Бұдан әрі мәртебелі мейман мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына қарай жүрді.


Оның алдына келгенде Садыр Жапаров тоқтап, басын сәл иіп, ілтипатын білдірді.


Салтанатты рәсімінен кейін Қазақстан мен Қырғызстан президенттері шағын құрамдағы кездесуге өтті.


Сапар аясында бүгін жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.