Сағынтаев тағы да алматылықтарға үндеу жасады
302
Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтарға үндеу жасады.
Эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлаған әкім вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды.
Әкімнің сөзіне сенсек, 23 шілдеден бастап коронавирусты жұқтырғандардың саны күнделікті 1 мың адамнан асуда. 23 шілдеде 1 080 жағдай тіркелсе, 27 шілдеде тіркелгені – 1 250. Жыл басынан бері коронавирусты жұқтыру жағдайларының жалпы саны 75153 болса, ал шілденің басынан бері 16911 жағдайға жетті.
Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өскен – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ды құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды. Осылайша шілдеде базалық сценарий бойынша болжанған 27,5 мың жағдай тіркеліп эпидемиологиялық жағдай расталды дейді Сағынтаев.
27 шілдедегі жағдай бойынша Алматы тұрғындарын вакциналаумен қамту аясында I компонентті алғандар 49,9%-ды, II компонентті алғандар 33,6%-ды құраған. Алайда бұл COVID-19 "дельта" нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз дейді әкім.
Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамын талдау барысында 1 жасқа дейінгі балалардың дертті жұқтыру жағдайының өсімі жалғасып жатқаны анықталған – 0,3%, 2,8%. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса, қазір олардың саны - 178 балаға дейін жетіп отыр. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%-ға басым.
Осыған орай, Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ екпесін алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды.
"Тек екпе алу арқылы ғана өміріміз бен денсаулығымызды сақтай аламыз. Ең бастысы, вакциналанған қалалықтар өзінің жақындары мен айналасындағылардың – достарының, әріптестері мен таныстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді", - дейді Сағынтаев.