Олжас Бектенов Қазақстанның премьер-министрі қызметіне тағайындалды
Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
"Конституцияның 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес ҚР премьер-министр лауазымына тағайындауға келісу үшін Олжас Абайұлы Бектеновтың кандидатурасын мәжілістің қарауына ұсынып отырмын", – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Олжас Бектенов тәжірибелі мемлекеттік қызметкер.
Осылайша Бектеновтің кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды.
Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Кейінгі рет 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.
ІІ дәрежелі "Айбын" (2014) және "Даңқ" (2021) ордендерімен наградталған.