Мемлекет басшысы "Синьхуа" агенттігіне сұхбат берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммиті қарсаңында "Синьхуа" агенттігіне жазбаша сұхбат беріп, Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі жоспарлары мен негізгі басымдықтар туралы, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы сөз қозғады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2-6 шілде аралығында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшыларының кеңесінің 24-ші отырысына қатысады және Қазақстан мен Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады.
Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы туралы айта келе, Тоқаев бұл маңызды және жауапты миссия екенін айтты. Қазақстан төраға болған кезеңде қауіпсіздікті нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және экологиялық бастамаларды ілгерілету бойынша жұмыстар жүргізетінін айтты.
Тоқаев ШЫҰ-ның халықаралық жағдайдағы бірегей рөлін атап өтіп, өзара сенім, достық және өзара тиімділік принциптерінің маңызына тоқталды. Оның пікірінше, ШЫҰ климаттың өзгеруі және экология сияқты жаһандық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаруға тиіс.
Алдағы саммитте стратегиялық маңызды шешімдер қабылданатынына, ШЫҰ-ның халықаралық беделін нығайтып, орта мерзімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындалатынына сенім білдірді.