Президенттікке үміткерлердің әрқайсысына 10 000 000 теңге беріледі
Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Қазақстан Президенттігіне кандидат әр адамға үгіт-насихат үшін 10 миллион теңгеден бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
Кандидаттар БАҚ-та материалдарды жариялауы үшін, халық алдында сөз сөйлеу үшін аудиторияны жалға алуына байланысты шығыс көлемі қарастырылды.
Президент сайлауын өткізуге 20,5 миллиард теңге қажет: Қаражат қайда жұмсалады?
Президент сайлауы: Бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген тармақ болады
Мұстафина бұл жоспарлы шығындар екенін атап өтті. Ресми шешімі кейін жарияланады.
23 қыркүйекте ҚР Президенттігіне кандидаттарды ұсыну кезеңі басталды. Сайлау 20 қарашада өтеді.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін кандидаттарға қойылатын талаптар жарияланған еді.