Қазақ министрі Ердоғанды таңқалдырды (ВИДЕО)

642
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қазақстанның 10 министрі жұмыс сапарымен Анкараға барған деп хабарлайды turkystan.kz.

Ердоғанның Қазақстан үкіметінің мүшелерімен танысу сәті түсірілген видео НеХабар Telegram арнасында жарияланды.  Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен қол алысқан Ердоған сәл кідіріп, әңгімелескен.

Кулли президенттік сарайында ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не жайлы сөйлескенін айтып берді.

«Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін білетінімді атап өтті. Бұл туралы да сөйлестік. Мен білемін, сөйлей аламын дедім. Жас көрінесің деді. Жасымды айтқанымда қатты таңғалды», – деді Мусин Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.