2023 жылы Қазақстан 6 елге 9,2 миллион доллар гуманитарлық көмек жіберген

2 523

Фото: stan.kzҚасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының атқарушы директоры Синди Маккейнмен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақорда жазғандай, президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен БҰҰ ДАЗ арасындағы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін шешудегі әріптестікті талқылауға жақсы мүмкіндік екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) мен БҰҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар желісі бойынша жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қазақстанның іске асырып жатқан шаралары туралы айтып берді.

"2023 жылы Қазақстан 6 елге 9,2 млн долларға (4 млрд теңге) гуманитарлық көмек көрсетті. Газа секторындағы күрделі гуманитарлық ахуал аясында Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар (450 млн теңге) сыйға тартып, гуманитарлық көмектің екі партиясын жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстанға, Түркияға, Пәкістанға және табиғи апаттардан зардап шеккен басқа елдерге қаржылық көмек көрсетілді", – деді Тоқаев.

Президент Ауғанстандағы жағдайға ерекше назар аударды. Айтуынша, халықаралық қауымдастық осы елдегі гуманитарлық дағдарыстың алдын алуға күш салуы тиіс.

Кездесу соңында Тоқаев Синди Маккейнді алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Бұған дейін Тоқаев Рим папасымен кездесу үшін Ватиканға барған еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.