Nur Otan-нан Amanat-қа ауысқан партияның жалауы сатылып жатыр

440

Алматыда Amanat партиясының жалауының саудасы қызып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Сатушының айтуынша, жалауды алматылық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жаппай сатып алып жатыр.

Ұзындығы екі метр, ені бір метр болатын ақ жалауды 20 мың теңге сатып алуға болады. Жалаудың шетіне еліміздің мемлекеттік Туындағыдай алтын түстес шашақ жабыстырылып, қақ ортасына партияның эмблемасы жапсырылған.

Бәрі сатып алып жатыр. Тапсырыс берген қалаңызға дейін жеткізіп береміз. Сапалы тігілген, ұзақ жыл қызмет етеді,— деді ЭК тілшісіне сатушы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.