Үкімет басшысы: Бизнес қоғамға пайдасын тигізетін бастамалар ұсынуы керек
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет бизнестен тек экономикалық табыс емес, қоғамға пайда әкелетін әлеуметтік бастамалар күтетіні туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – ортақ міндет. Премьер-министр кей өңірлерде салынған стадиондар мен спорт нысандарының бос тұруына назар аударды.
Үкімет басшысы спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Өткен жылы 90 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілсе, оның 61-і ауылдық жерлерде салынған. Биыл тағы 102 нысан іске қосылады деп жоспарланған.
Бектенов әкімдіктерге мемлекеттік шығындарды азайтып, жеке инвестиция тарту мен үлгілік жобаларды кеңінен қолдану қажеттігін де ескертті.







