Дана Нұржігіт отандастарын барынша сақтануға шақырды
362
Сенат депутаты әрі танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт еліміздегі коронавирус мәселесін көтеріп, отандастарын барынша сақтанып жүруге шақырды. Ақпарат өкілінің өзі бүгінде аурудан айығып, аман қалған жақындарының қасында жүргенін айтты.
Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желіге шықпай кетуінің себебін Instagram парақшасында түсіндіріп өтті. Ақпарат өкілі бұл уақытта қауіпті індетке шалдығып, одан аман қалған жақындарының қасында болған екен.
Бұл тұрғыда белгілі журналист көпшілікке үндеу жасап, індеттің өршіп тұрғанын тағы бір мәрте ескертті.
"Қайырлы кеш, қымбатты оқырмандарым! Соңғы кезде әлеуметтік желіге шығуым сиреп кеткені рас. Аурудан аман-есен айығып,аман қалған жақындарымның жанындамын. Шүкіршілік етемін. Қазір індеттің өршігені мен екпені тездетуден басқа өзекті мәселе жоқ. Ауру дендеп, өршеленіп барады. Мен бұл тақырыпта айтарымды айтып болдым. Естіген құлақ естіді, біреу дұрыс деді, біреу бұрыс деді, біреу сатқын деді, енді біреу мұны да Құдай атты деді. Бастысы аман болыңыздар", - деп жазды Дана Нұржігіт.