Павлодарда қамауға алынған депутат Nur Otan партиясынан шығарылды

337

Фото: pixabay.comМедициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев Nur Otan партиясынан шығарылды. 


Баспасөз қызметі Әбішев Қайрат Сансызбайұлын Nur Otan партиясы мүшелігінен шығару туралы шешім 26 мамыр күні Саяси кеңес бюросының кезектен тыс отырысындағы жарғы негізінде қабылданғанын алға тартты. 


"Қазақстан Республикасының "Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" заңының 20-бабы 3-тармағының 3-1, 3-бөліктері негізінде депутаттық өкілеттік мерзімінен бұрын тоқтатылады", - деп толықтырды Павлодар облыстық Nur Otan партиясының филиалынан. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.