ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫ ЖАБЫЛАДЫ МА?

378

Фото: коллаж Opennews.kz 21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин елде ішінара мобилизация жариялаған соң Қазақстанға келушілер легі көбеюде,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Путин елде ішінара мобилизация жариялап, әскерге запастағы әскерилер, қарулы күштер қатарында бұрын қызмет еткендер, тәжірибесі бар әскери мамандар шақырылатынын айтты. Ал Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу әскерге 300 мың адамды шақыру жоспарда барын мәлімдеді.


Путиннің сөзінше, әскер қатарына тек запаста тұрған, әскери білімі мен тәжірибесі бар азаматтар алынады, мобилизация 21 қыркүйектен, яғни кеше басталды.


Айта кету керек, Ресейде екінші дүниежүзілік соғыстан бері ішінара әскерге алу шарасы болмаған.
Осы орайда, Ресей азаматтары Путин мобилизация жариялаған соң Мәскеуден Минск, Стамбул, Ереванға ұшақ билеттерін жаппай сатып алғаны белгілі болды. Сонымен қатар, визасыз кіре алатын елдерге ұшақ билеттері мен іргелес мемлекеттерге қоныс аудармақшы болған босқындар саны артуда.


"Верстка" мен "Медуза" сайттарының жазуынша, қазір Мәскеуде Стамбул, Ереван, Минск, Баку, Ташкентке ұшатын ұшақтарға билет жоқ екендігі жазған.


Ал Мәскеуден Қазақстанға 22-24 қыркүйекте ұшатын рейс билеті өтіп кеткен. Ал, 27 қыркүйек күні ұшатын – эконом класс 1 504 178 мың теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, Самара Орынбор тас жолында көлік кептілісі орын алғаны белгілі болды.




Сонымен қатар Мәскеу прокуратурасының хабарлауынша,  наразылыққа шыққандар «15 жылға дейін сотталуы мүмкін» деп ескерту жасады.


Ал, Ресей азаматтарының елімізге келуін шектей алмаймыз деген сенат депуттатардың айтуынша,
«Қазақстанға қатысты айтатын болсақ, бұл жағдайға бойынша тиісті мемлекеттік органдар болып жатқан үрдістерді қарап отыр. Ары қарай жағдайға байланысты ақылдаса отырып, тиісті мәселелер қаралатын болады. Жалпы, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақ құрамында. Біздің арамызда келісімдер мен шарттар бар. Құжаттарға сәйкес Ресей азаматтары еліміздің аумағына сапарлап келсе, оларға қатысты шектеу жоқ», - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.


Айта кету керек Ресей  мен Қазақстан арасын 7598 шақырым жалғап жатыр. Еліміздің 7 облысымен шектесетін шекарада 51 бақылау-өткізу пункті бар. Кешеден бері әр бекетте ондаған шақырымға созылған кептелісте көліктер 10 сағаттан аса көлік ішінде отырған көршілер қазақ топырағын басуға асық.
Осы орайда, Кремль Ресейлік ер  азаматтарды шекарадан өткізбеу және де шекараны жабу мәселесі талқылануда деп жазды ресейлік «Медуза» сайты.



Қазірге дейін көрші Ресейден келушілердің басым көпшілігі Алматы мен Шымкент қаласына қоныстануда.