Ақордада Финляндия Президентін қарсы алу рәсімі өтті

2 585

Фото: Ақорда"Ақорда" резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Республикасының Президенті Александр Стуббты ресми қарсы алды. Бұл – Финляндия басшысының Президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен болатын.

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ықпалдастықты атап өтіп, инвестиция және сауда салаларындағы әлеуеттің жоғары екенін айтты.

«Сіздің бастамаңызбен өтіп жатқан бизнес-форум екі ел кәсіпкерлерінің іскерлік байланыстарды кеңейтуіне зор мүмкіндік береді. Сондай-ақ, гуманитарлық ынтымақтастыққа ерекше мән береміз. Сапарыңыз серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін», – деді Мемлекет басшысы.

Финляндия Президенті Александр Стубб бұл сапардың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанмен ынтымақтастықтың барлық бағытта нығайып келе жатқанын жеткізді.

«Бүгін біздің елден 20-дан астам ірі компания өкілдері келді. Екіжақты қарым-қатынас пен сыртқы саясат саласында ортақ ұстанымдарымыз көп. Біз күрделі халықаралық мәселелердің шешімін бірлесе іздейміз», – деді ол.

Айта кетейік, 2005 жылдан бері Финляндия Қазақстан экономикасына шамамен 500 млн доллар инвестиция салған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.