Бірлескен жобалар іске асады

2 506

Фото: ©️  «Айқын» ақпаратҮкімет басшысы Олжас Бектенов Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат анеттігі Aikyn.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Онда экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды жүзеге асыру мәселелері және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективалары талқыланған. 

Кездесу барысында Премьер-минис­трге ЕАДБ-ның кезекті стратегиялық кезеңінің аяқталғаны және Қазақстанда жобаларды жүзеге асыру бойынша жүргі­зіліп жатқан жұмыстар туралы мәлімет берген. Банктің жинақталған портфелінде ин­вестициялардың жалпы көлемі 19,6 млрд доллар болатын 326 жоба бар. Тек 2022-2026 жылдары ЕАДБ қатысушы елдердің экономикасына 9 млрд доллар инвестиция құйды, оның 5,2 млрд доллары Қазақстанға тиесілі. Кейінгі 4 жылда Қазақ­стан экономикасына салған инвес­тиция көлемі жыл сайын 1 млрд доллардан астам болса, 2025 жылы 1,5 млрд долларға жеткен.
Қаржы бөлінген маңызды жобалардың ішінде – «Силлено» газ өңдеу зауыты, Атырау облысындағы KPI газ-химия кеше­нінің құрылысы, тау-кен металлургия кеше­нінің кәсіпорындарын жаңғырту, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы ЖЭО-ларды қайта жаңарту ісі бар. Биыл ЕАДБ ірі жобаларды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру секторын қаржыландыруды жалғастырған.
Кездесу қорытындысы бойынша сын­дарлы әріптестікті одан әрі нығайтудың және Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы мүддесінде инвестициялық ынты­мақ­тастықты кеңейтудің маңыздылығы атап өтілген.