Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға ядролық қарумен сес көрсетті

464

Пхеньян Оңтүстік Корея қарулы текетіреске баратын болса, ядролық қару қолданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Солтүстік Корея президентінің қарындасы, Еңбек партиясының Орталық комиссия басшысының орынбасары Ким Е Чжон айтқан, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 


"Егер Оңтүстік Корея әскери текетіреске барса, біздің ядролық күштер өз міндетін атқарады", - деді Ким Е Чжон. 

Сонымен қатар ол Оңтүстік Кореяның алдын ала соққысы туралы келе, мұны қорғаныс министрінің "үлкен қателігі болар еді" деп бағалады.   

Бұған дейін Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Со Ук Солтүстік Кореяның ядролық соққы жасау мүмкіндігі туралы айтқан. Алайда Ким Е Чжон Со Уктың сөздерін "қоқыс" деп бағалап, мұндай мәлімдеменің Сеул үшін қатерлі екенін айтқан.


Айта кетейік, бұған дейін БАҚ Солтүстік Кореяның өз ядролық полигонын қалпына келтіріп жатқанын хабарлаған еді. Полигон 2018 жылы жабылып қалған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.