Өнеркәсіпте автоматты мониторинг жүйелері қолданысқа енеді

2 515

Фото:© видеодан алынған скринӨнеркәсіптік кәсіпорындарға автоматтандырылған мониторинг жүйелері енгізіледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Автоматтандырылған мониторинг жүйелері кәсіпорындардың экологиялық жаңғыртуына бағытталған. Бұл жүйелердің басты мақсаты - нормативтерді сақтау мен бұзушылықтарды уақытылы анықтау. Нормативтерді бұзған жағдайда кәсіпорындар тартылатын жауапкершілік нақты белгіленген. Қазіргі таңда осындай жүйелер 87 нысанда орнатылған, оның ішінде 81 нысан деректерді онлайн форматта ұсынған. Ал болашақта жүйелердің барлығы 115 нысанға енгізілетін болады. Министр атап өткендей, бұл бағыттағы жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Сондай-ақ өңірлерде қалдықтарды басқару саласындағы жобалар жеңілдетілген қаржыландыру механизмдері арқылы іске асырылмақ. 

Бұл бағыт жалпы сомасы 302,6 млрд теңге болатын 64 жобаны қамтиды. Олардың ішінде 26 жобаға 93,8 млрд теңге қарастырылып, қазір іске асырылып жатыр, - деді министр.

2035 жылға дейін 2 млрд ағаш егу жоспарда бар. Қазірдің өзінде 1 млн 74 мың гектар аумақта 1 млрд 648,4 млн ағаш отырғызылды. Сонымен қатар жердің тозуының және шөлейттенудің алдын алу үшін бірқатар жұмыс басталады, - деді Е. Нысанбаев.

Экологиялық мәдениетті арттыру үшін ауқымды ағартушылық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, цифрлық мониторинг жүйелерін жетілдіру жалғасып, экологиялық бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік бермек.