Министрлік ЖСН-ді өзгертуге қатысты ақпаратқа сенбеуге үндеді
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан азаматтары тек аты-жөнін және басқа да дербес деректерді өзгертуге құқылы
Қазіргі кезде желіде ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпарат тарап жатыр. Алайда заң бойынша Қазақстан азаматтары тек аты-жөнін және басқа да дербес деректерді өзгертуге құқылы
"Ал ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді", - дейді тәртіп сақшылары.
Айта кетері, министр президентке есеп берген. Биыл тоғыз айдың ішінде интернет-алаяқтықтан зардап шеккен азаматтарға 6,5 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылған.
Қаз
Рус






