Үкімет басшысы: Бизнес қоғамға пайдасын тигізетін бастамалар ұсынуы керек

2 550

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҮкіметҮкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет бизнестен тек экономикалық табыс емес, қоғамға пайда әкелетін әлеуметтік бастамалар күтетіні туралы айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, спорттық және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – ортақ міндет. Премьер-министр кей өңірлерде салынған стадиондар мен спорт нысандарының бос тұруына назар аударды.

«Мысалы, Алматы облысы Талғар қаласындағы “Жастар” стадионы пайдаланылмай тұр. Бұл бақылаудың әлсіздігін көрсетеді. Туризм және спорт министрлігі мен әкімдіктер мұндай нысандардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуі тиіс», – деді Бектенов.

Үкімет басшысы спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Өткен жылы 90 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілсе, оның 61-і ауылдық жерлерде салынған. Биыл тағы 102 нысан іске қосылады деп жоспарланған.

Бектенов әкімдіктерге мемлекеттік шығындарды азайтып, жеке инвестиция тарту мен үлгілік жобаларды кеңінен қолдану қажеттігін де ескертті.

«Мемлекет бизнеске қолдау көрсетіп отыр. Енді бизнестен де әлеуметтік және спорттық инфрақұрылымды дамытуда жауапкершілік күтеміз», – деді премьер-министр.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.