"Тағы кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді": Тоқаев үкіметті тағы да сынға алды

310

Қазақстан халқына жолдау жариялаған Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі битум тапшылығын сынға алып, мұны “ұят жағдай” деп бағалады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 
Фото: Ақорда пресс

Президент 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бергенін еске салды.


Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін  битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс”, – деді Тоқаев.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатқанын атап өтті. 


Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді”, – деп қосты ол.