ҰҚК Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғанын хабарлады

354
ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталғаны белгілі болды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-төраға Кәрім Қажымқанұлы Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен К.Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды. Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.