Нұр-Сұлтан Париждің Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі болды

261
Нұр-Сұлтан француз астанасының Орталық Азиядағы алғашқы серіктесі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Парижде қос қала әкімшілігі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Париж әкімшілігі тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасуға ниетті. Сапар барысында Нұр-Сұлтан қаласының делегациясы француз бизнесмендерімен кездесіп, мәдени байланыс туралы келіссөз өткізді. Келесі жылы Париж музейлерінің көрмесін ұйымдастырып, өзге де жобаларды жүзеге асыру қарастырылып жатыр.

Арно Нгатча, Париж мэрінің орынбасары:  

- Біз Париж пен Нұр-Сұлтан арасындағы мәдени байланысты байытпақ ниеттеміз. Осы ретте қазіргі ынтымақтастық туралы құжаттың мәні зор. Бұл қос шаһардың арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. 

Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі:

- Әрбір қаланың өз тарихы, салт-дәстүрі, тәжірибесі бар. Париждің тарихы терең. Бірақ әлем бір орында тұрмайды. Тараптар түрлі саладағы мол тәжірибесімен алмасып, серіктестік екі жаққа да тиімді болатынына сенімдімін.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.