Ерлан Бердібаев «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

2 299

Фото: gov.kz«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне Бердібаев Ерлан Құлахметұлы тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ерлан Құлахметұлы Бердібаев Қызылорда қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1984 жылы Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік кірістер инспекторы қызметінен бастаған.

1986-1987 жылдары — Жаңақорған аудандық қаржы бөлімінің мемлекеттік кірістер экономисі,

1987-1989 жылдары — Кеңес ауылындағы №239 орта мектептің мұғалімі,

1989-1992 жылдары — «Талап» кеңшарының аға экономисі,

1992-1996 жылдары — Жаңақорған ауданы әкімшілігі жанындағы экономикалық комитеттің бөлім меңгерушісі, қаржы бақылау комитетінің аға бақылаушысы, тексерушісі қызметтерін атқарған.

1996-1998 жылдары — Қызылорда облыстық қаржы комитетінде,

1998-2009 жылдары — облыстық салық полициясында түрлі лауазымдарда еңбек етті.

2010-2014 жылдары — «Болашақ-Шиелі» оқу орталығының директоры және геологиялық зерттеу экспедициясының №23 учаске бастығы лауазымын атқарды.

2014-2015 жылдары — Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы,

2015-2017 жылдары — қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы,

2017-2019 жылдары — Қызылорда облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы болды.

2019-2020 жылдары — Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары,

2020 жылдан осы кезге дейін — ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Ерлан Бердібаевтың мемлекеттік басқару, қаржы, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларындағы мол тәжірибесі жаңа қызметте әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.