Әкімнің қабылдауына балалар да жазыла алады

270

фото: NUR.KZ / Владимир ТретьяковТүркістан облысы Шардара қаласы әкімінің қабылдауына енді тек ересектер ғана емес, балалар да жазыла алады деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Аймақ басшысының айтуынша, мұндай тәсіл тек ата-ананың ғана емес, балалардың да пікірі маңызды екенін көрсетіп, олардың еркін өсуіне көмектеседі. Қала әкімі Олжас Айдаров мамыр айында халықтың басым бөлігі дауыс беруі арқылы сайланған.



 «Мен жастарға баса назар аударамын. Олар қабылдауыма келгенде, ешкімді қатысуынсыз жеке отырып сөйлесемін. Жастармен жақынырақ сөйлессең ашылады. Барлық мәселесін айтып береді. Қазіргі таңда жастардың патриоттық сезімін ашумен айналысып жатырмын», – дейді Шардара қаласының әкімі Олжас Айдаров.


Шардарда шешімін таппаған мәселелер көп. Оның ішінде газ орнату мен қаланы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары да бар. Шенеуніктер мұның бәрі жақын арада шешіледі деп уәдесін беріп отыр. Ал халық жас басшыға сенеді, бірақ тұрғындар сабырдың да шегі бар екенін еске салды.