1 шілдеден бастап Конституцияның жаңа кезеңі басталады
Мемлекет басшысының мәліметінше, жаңа Конституция елдегі барлық мемлекеттік және қоғамдық институттардың жаңғыруына негіз болған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы конституцияның ел үшін тек құқықтық құжат қана емес, қоғамды біріктіретін негізгі құндылық екенін атап өтті.
“Негізгі заңның түпкі мәні де осыдан көрінеді. Конституция шын мәнінде барлық парасатты және жасампаз күштерді, нағыз патриоттарды еліміздің стратегиялық бағдарының, яғни реформалардың жалпыұлттық жоспары мен мақсаттары төңірегіне біріктіретін берік тұғырнама іспеттес. Жаңа Конституциямыз – барша халықтың, әсіресе өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық бағдары, өмір жолындағы темірқазығы. Осы бағыттан айнымасақ, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаймыз. Азаматтарымыз заң мен ел мүддесіне құрметпен қарайтын лайықты өмірге қол жеткізеді", – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.







