Мемлекет басшысы ресми сапармен Вьетнамға барды

1 872

Президент ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары Ба Динь алаңында орналасқан ұлт қаһармандары монументіне және Хо Ши Миннің мавзолейіне гүл шоғын қоюдан басталды.


1945 жылы 2 қыркүйекте Хо Ши Мин осы алаңда Вьетнамның тәуелсіздігін жариялады.


Президент Вьетнамның бостандығы үшін күресте қаза тапқан батырлардың және осы елдің ұлт көшбасшысы Хо Ши Миннің рухына тағзым етті.


Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы қатысты.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.