Орташа жалақы ұдайы өсіп келеді деу көпірме есеп, нағыз көзбояушылық – Тоқаев
311
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктер мен квазимемлекеттік сектор жұмысындағы көзбояушылықтарды сынға алды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында тұрған ең басты міндетті атады.
Президенттің сөзінше, соңғы 5 жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек кірісінің үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін қысқарып кеткен. Ал әлеуметтік трансферттер 17-ден 29 пайызға дейін ұлғайған.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп беріп жүргендерді сынға алды.
Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын реформалау мәселесі сөз болғанда Президент бұл тақырыпқа 10 күннен кейін қайта оралатынын айтты.
Президент қор жұмысын реформалауда қандай мәселелерге басты назар аудару керектігін қайталап еске салды.
Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында тұрған ең басты міндетті атады.
«Бірінші - халықтың табысын арттыру және теңсіздікті азайту. Табыс табу - азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартудың және болашаққа деген сенімін нығайтудың басты факторы. Өкінішке қарай соңғы кезде жұрттың табысы экономикалық өсімнің емес, әлеуметтік трансферттің есебінен көбейді. Ашығын айтқанда жәрдемақымен және зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар аз емес», - деді Қ.Тоқаев.
Президенттің сөзінше, соңғы 5 жылда халықтың жалпы табысындағы еңбек кірісінің үлесі 80 пайыздан 67 пайызға дейін қысқарып кеткен. Ал әлеуметтік трансферттер 17-ден 29 пайызға дейін ұлғайған.
«Бұдан азаматтардың кірісі алатын жалақысына емес, бюджет шығысына тәуелді екенін байқауға болады. Бұл аз десеңіз жұмыс берушілердің пайдасымен және нарықтағы бағаның көтерілуімен салыстырғанда еңбекақы әлдеқайда баяу өсуде. Соның салдарынан қарызға батқан азаматтар мен кедей адамдар көбейіп барады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп беріп жүргендерді сынға алды.
«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл - соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Сөйте тұра орташа жалақы мен жан басына шаққандағы табыс көлемі ұдайы өсіп келеді деген көпірме есеп берілуде. Бұл - нағыз көзбояушылық. Менің тапсырмам бойынша халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл құжатта тұрғындардың кірісін көбейтумен қатар орынсыз шығынын азайтатын тың шаралар қарастырылуы тиіс», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын реформалау мәселесі сөз болғанда Президент бұл тақырыпқа 10 күннен кейін қайта оралатынын айтты.
«Самұрық-Қазына» қоры бойынша, реформаларды іске асыру жоспарын 10 күннен кейін қайта толығырақ талқылайтын боламыз. Ол реформалар өте маңызды. Мен Мәжілістің отырысында сөйлеген сөзімде қорды шындап қайта құрылымдау қажеттігіне баса назар аудардым», - деді Мемлекет басшысы.
Президент қор жұмысын реформалауда қандай мәселелерге басты назар аудару керектігін қайталап еске салды.
«Біріншіден, бұл, әрине, мемлекеттік сатып алудың ашықтығы. Бұл туралы мен осымен үшінші жыл айтып келемін. Әзірге шынайы өзгерістерге қол жеткізіле қойған жоқ. Онымен бірге бұл тендерді ашық өткізуге де байланысты. «Самұрық-Қазына» құрылыс және қайта жарақтау саласында ауқымды жұмыс атқарады. Әдетте белгілі бір компаниялар ғана тендерді ұтып, кейін жұмысты қосалқы мердігерлерге береді. Бұл, әрине, біріншіден, жұмыстың сапасына, екіншіден, баға өлшемдеріне қатты әсер етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.