ҚР Конституциясына 30-дан астам өзгерту жұмыстары жасалу керек - Мемлекет басшысы

459
Мемлекет басшысы жыл соңына дейін  конститутцияға  20- дан астам заң жобасын қабылдау керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

«Менің бүгінгі бастамаларым өте ауқымды. Бұл бастамалар еліміздің саяси жүйесі мен әкімшілік-аумақтық құрылымын едәуір өзгертеді. Оны жүзеге асыру үшін Конституцияға 30-дан астам өзгеріс енгізу қажет. Сондай-ақ, жылдың соңына дейін тағы 20-дан астам заң қабылдау керек», - деді ол Жолдауды жариялау барысында.

Айтуынша, заң жобасын әзірлеп, оны қабылдау едәуір уақытты алатын күрделі жұмыс.

Сондықтан оған аса жауапкершілікпен қараған жөн.


«Сондай-ақ, ішкі, сыртқы сын-қатерлерді мұқият ескеруіміз керек. Біз Тәуелсіздік жылдарында небір қиындықтардан аман өттік. Сын-қатердің бәрін еңсеріп, осы күнге жеттік. Енді елімізді түбегейлі жаңғыртуға кірістік. Бұл кезең алмағайып уақытқа тұспа түс келіп отыр. Қазіргі Қазақстанға да әсер ететіні анық. Бірқ азаман қанша күрделі болса да, біз бағдарамыздан айнымаймыз. Өктеннен тағлым алып, келешекке сеніммен қадам басамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.