Тоқаев осы аптада Минск пен Бакуге барады

2 506

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы аптада екі елге барады. Бірінші ел - Беларусь, екіншісі - Әзербайжан, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агентттігі. 


23 қарашада Минск қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Ал 24 қарашада мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орталық Азия елдері экономикаларына арналған арнайы бағдарламасының (СПЕКА) саммитіне қатысу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барады.

 Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) қызметі бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, ұжымдық негізде мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға бағытталған. ҰҚШҰ құрамына қазір Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді. 

БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикаларына арналған арнайы бағдарламасын (СПЕКА) БҰҰ 1998 жылы ҚР бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әзірледі. Қазір оны жүзеге асыруға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Ауғанстан қатысып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.