Бүгін - жалпыұлттық аза тұту күні

1 396

Бүгін Абай облысында жалынмен арпалысып жанын қиған 14 орман шаруашылығы қызметкердің рухына тағмыз ету күні, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 



Семей орманындағы өрт 8 маусымда тұтанды. Семей филиалының мәліметінше, алғашында Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га аумақта ағаштар жанған. Кейіннен өрт 60 мың гектардан астам алқапты шарпып, 14 адамның өмірін жалмады.


9 маусымда өрт өршіп, аумағы 20 мың гектарға жетті. От ошағына жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындары эвакуациялана бастады. Семейде орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.


10 маусымда өртті сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитетінен, ЖАО және қорғаныс министрлігінен 1000-нан астам адам, шамамен 252 техника жұмылдырылған.


11 маусымда мемлекет басшысы Абай облысына барып, қаза тапқан қызметкеерлердің туыстарымен кездесті. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жарияланды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды “Жалпыұлттық аза тұту күні” деп жариялады.


"Дүйсенбі күнін еліміз бойынша Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияладым. Біз қаза тапқан азаматтарды еске аламыз. Сабыр сақтап, бекем болыңыздар. Құқық қорғау органдары мен министрліктер тарапынан болсын, барлық сала бойынша тиісті шаралар қабылданады. Қазір кеңес өткіземін. Бұл жағдайдан міндетті түрде тиісті қорытынды шығарамыз", - деді Мемлекет басшысы орман өртінен қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып барғанда.


Абай облысында төтенше жағдай кезінде қаза болғандар "Құрмет" медалімен марапатталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.