Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйледі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің әлеуетін пайдалану - әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосатынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Бізге даму құқығын қамтамасыз ете отырып, жаһандағы өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететін жаңа бағамдар керек. Ол үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне негізделген ашық, анық әрі инклюзивті көпжақты сауда жүйесі қажет. Сонымен қатар бізге жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің анағұрлым мінсіз жүйесін құруды ойластырған жөн. Былтыр дүниежүзі халқының 10 пайызға жуығы аштықпен бетпе-бет келді», - деп тоқталды Мемлекет басшысы.
Бұл мәселенің шешімі ретінде Президент өндіріс көлемін және азық-түлік тауарларының экспорты мен импортына қатысты ақпаратпен еркін алмасу ісін жандандыру қажет деген бастама көтерді.