Мәжіліс отырысы үнсіздікпен басталды

1 485

Палатаның жалпы отырсы бір минут үнсіздікпен басталып, мәжіліс төрағасы өрттен қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Палатаның жалпы отырсы бір минут үнсіздікпен басталды.


«Абай облысындағы апатты өрттің салдары адам өліміне әкеп соқты. Бұл ауыр қайғы барша Қазақстан халқының қабырғасын қайыстырды. Президент 12 маусымды жалпыұлттық аза тұту күні етіп жариялады. Барлық депутаттық корпус атынан қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Отырысымызды бастамас бұрын, қаза болған арыстарымызды бір минут үнсіздікпен еске алайық», - деді Ерлан Қошанов.


Еске салайық, 8 маусым күні тұтанған «Семей» орманы резерватындағы өртпен күреске жұмылдырылған 14 орманшы қаза болды. Үш ауылдың тұрғындары эвакуацияланды.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Абай облысына барды.


12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Алапат өртпен күрес әлі жүріп жатыр.