Тоқаев Самарқандта өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысады

503

Фото: Ақорда прессПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында өтетін ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Естеріңізге сала кетейік, Самарқандта ШЫҰ саммиті 15-16 қыркүйек күндері өтеді. Бұған дейін Тоқаев пен Мирзиеев телефон арқылы алдағы саммиттің күн тәртібі туралы пікір алмасқан болатын. Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) Қазақстан, Ресей, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан және Өзбекстан мүшелік етеді.  Шілде айында Беларусь ШЫҰ-ға кіруге өтініш берген болатын. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.