Президент Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссия құрамын бекітті
Мемлекет басшысы Қазақстан президенті жанындағы Мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Жарлыққа қол қойды.
Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі.
Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, Құрылтай депутаттары және Қазақстан Халық кеңесінің мүшелері кірді.
Отырыстарға мүдделі орталық мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың өкілдері қатыстырылуы мүмкін.
Қаз
Рус






