Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Президент Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы салтанатты шараға дайындығы жөнінде Мемлекет басшысына рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл елдігімізді нығайта түсетін мерейлі мереке екеніне назар аударды.
Мемлекет басшысы байрағымыз аспандаған сайын ұлт мерейі асқақ болатынын айтып, туды тәуелсіздігіміздің тұмары әрі ынтымағымыздың бастауы деп атады.
Президенттің айтуынша, Қазақстан бейбіт мемлекет ретінде татулық пен келісімді қашанда басты орынға қояды және барлық мемлекетпен достық қатынас орнатқан.
Президент мемлекеттік рәміздер негізгі құндылықтарымыз бен мұраттарымызды айшықтап, әрқайсымыздың бойымызда елімізге деген шынайы мақтаныш сезімін оятатынын жеткізді. Сонымен қатар басты елдік нышандар сын сағатта да, жеңісті күндерде де барша азаматты біріктіретініне тоқталды.
Жыл сайын 4 маусымда Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Бұл күн біздің мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін бекітуге арналған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне Елтаңба, Ту және Әнұран кіреді.
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы 1992 жылғы 26 маусымда бекітілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнесінің негізі ретінде Қазақ киіз үйінің символдық бейнесі қабылданды. "Шаңырақ", "Кереге", "Босаға", "бес бұрышты жұлдыз", "Кереге", "Уық", "желбау", "босаға", "Тұлпар" (мифтік қанатты жылқылар), "арқар мүйізі", "Үлкен буын", "Үлкен масақ", " Ортаншы буын", "Ортаншы масақ", "кішкентай буын", "кішкентай масақ", "Желбаудың шашағы", "Желбаудың сақинасы" және "QAZAQSTAN" сөзі Елтаңба элементтері авторлар белгілеген мағынаны білдіреді.
Қазақстан Республикасының Туы 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. Жалау ортасында сары күн бейнеленген көк панельден және сол жағында тік жолақтан тұрады. Көк түс аспан мен ұлттық бірегейлікті, күннің сары түсі байлық пен өркендеуді, ал ою тік жолақ - ұлттық бірегейлікті білдіреді.
Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылғы 7 қаңтарда бекітілді. Әнұран композитор Шәмші Қалдаяқовтың музыкасынан және ақын Жұмекен Нәжімеденовтің сөздерінен тұрады. Әнұран Қазақстан табиғатының сұлулығын, ұлттық мақтаныш пен халық бірлігін бейнелейді.
Бұл күні мемлекеттік рәміздерге арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мемлекеттік рәміздер күні - өз елі мен ұлттық бірегейлігі үшін мақтаныш күні. Бұл күн бізге мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын және олардың біздің мемлекеттілігіміз бен ұлттық мәдениетіміздің негізі екенін еске салады.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстан да өз егемендігін жариялаған кезде оны ең алдымен тәуелсіз елдің саяси мәртебесін білдіретін Тәуелсіздік декларациясын қабылдау арқылы бекітті.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
1992 жылдың басында мемлекеттік үш нышан – Ту, Елтаңба және Әнұранымызды таңдау үшін Жоғарғы кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнаулы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов және тағы басқа қайраткерлер кірді. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды.
Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның 750 үлгісі байқауға қатысты.
Эстетикалық сипатымен де, тарихи, саяси, экономикалық символизмге сәйкес келуі бойынша да үздік туынды ұсынған байқау жеңімпаздарын қазір халық мемлекеттік нышан авторлары ретінде таниды.
Олар: Ту авторы - Шәкен Ниязбеков. Елтаңба авторлары - Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.
Сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш әнұран авторлары ретінде - әуенін жазған Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский мен Латиф Хамидидің есімі тарихта қалды. Үздік мәтінге жарияланған байқауда Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты. Кейін, яғни, 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Таңдау ел арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» әніне түскен еді.
1956 жылы сазгер Шәмші Қалдаяқов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылық тандемінен шыққан туындының бастапқы мәтінін Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өңдеді.
2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Парламенті жаңа мемлекеттік гимнін бекітті. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.
2007 жылы 4 маусымда қабылдан «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Айта кетерлігі, осы жылдың 15 наурызында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланатындығын айтқан еді.
Сәл кейінірек Қаржы министрі Мәди Такиев Елтаңбаны ауыстыруға қатысты оң шешім қабылданған жағдайда ғана шығыстарына байланысты қалған жайттар қарастырылатындығын атап өтті.
Ал Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында Мемлекет басшысы өз сөзінде «Елтаңбаны ауыстыруға қатысты әртүрлі пікірдің айтылатындығын, егер қажет болса, комиссия құрып талқылау қажеттігін, оң шешім қабылданса байқау жариялау керектігін» ғана айтқанын алға тартады.