"Қазақ халқына деген зор құрметтің белгісі"
365
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылу рәсіміне қатысты.
Президент Сеулдағы Кибер университеттің аумағында ашылған ұлы Абай бюстінің ашылуына зор мән беріп, оның Қазақстан мен Корея Республикасының достығын нығайта түсетінін атап өтті.
"Сеул төрінде қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының бюсті орнатылды. Бұл – корей бауырларымыздың қазақ халқына деген зор құрметінің белгісі", – дейді мемлекет басшысы.
Бюсттің жобасы Қазақстанда дайындалып, тұтас мүсіні Кореяда қоладан құйылған. Қасым-Жомарт Тоқаев бюсттің Корея астанасындағы университет аумағына орнатылуының маңызды екеніне тоқталды.
"Абай – ұлы ақын ғана емес, кемеңгер ойшыл, әйгілі ағартушы. Сондықтан, Абайға арналған бюсттің білім ордасына қойылуы орынды шешім екені сөзсіз. Мұның символдық мән-маңызы айрықша. Ол жұртты ғылым игеруге, білімдар болуға үндеді. Жаңашылдық пен жасампаздықты дәріптеді. Абай мұрасы – біздің елімізге ғана емес, барша адамзатқа ортақ құндылық. Дала данышпанының "Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ" деген сөзі бар. Бұл қасиеттерді корей халқы да ерекше бағалайтынын білеміз. Осы құндылықтардың арқасында қазіргі таңда Корея Республикасы озық дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Былтыр біз Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Осыған орай, көптеген ауқымды іс-шаралар ұйымдастырдық. Абай шығармалары әлемнің бірнеше тіліне аударылды. Соның ішінде, корей тілінде "Алтын шаңырақта шырқалған ән" атты кітабы жарыққа шықты. Кореяда ұлы ойшылға арналған маркалар әзірленді. Мұның бәрі екі елдің рухани ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсері анық, – деді мемлекет басшысы.