Мемлекет басшысының жарлығымен Үкімет үйінің құрамы жаңартылды

277

Мемлекет басшысының Жарлығымен үкімет құрамы 8,6 пайызға жаңартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаңа министрлер:


Тоқаев ең алдымен Сыртқы істер министрі басшысын ауыстырды. Президенттің жарлығымен Мұрат Нұртілеу премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болған.


Алмасадам Сәтқалиев Энергетика министрі лауазымына тағайындалды. Ал бұрынғы энергетика министрі Болат Ақшолақов Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды.


Орнында қалып, қайта тағайындалғандар:


Мемлекет басшысының жарлығымен Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Бұған дейін ол 2022 жылы қаңтарда министр болып тағайындалған.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев та орнында қалды. Жамаубаев бұл қызметке бұған дейін былтыр 29 наурызда тағайындалған.


Серік Жұманғарин премьер-министрінің орынбасары - сауда және интеграция министрі лауазымында қалды.


Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі лауазымына қайта тағайындалды. Қуантыров 2021 жылғы ақпаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Ұлттық экономика вице-министрі, ал 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болды.


Марат Ахметжанов та лауазымында қалды. Ол Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды.


Асхат Оралов та қызметінде қалды. Ол Мәдениет және спорт министрі лауазымында қалды. Оралов 4 қаңтарда министр қызметіне тағайындалған болатын.


Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Есқараев Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Есқараев та биыл 4 қаңтарда министр қызметіне кіріскен болатын.


Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына қайта тағайындалды. Дүйсенова 2022 жылдың 11 сәуірінен бері осы қызметте.


Ажар Ғиният Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қызметінде қалды. Ғиният ДСМ басшысы қызметін атқарып жүргеніне бір жылдан аст. Ол 2022 жылдың 11 қаңтарында министр қызметіне кірісті.


Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін басқарған Бағдат Мусин де лауазымында қалды. Мусин министр лауазымында тізімдегі қалған министрлердің ішінде ең ұзақ отырған адам. Ол 2020 жылдың 2 қыркүйегінде осы қызметке тағайындалды.


Зүлфия Сүлейменова Экология және табиғи ресурстар министрі қызметінде қалды. Сүлейменова 2023 жылдың қаңтарында экология министрлігіне басшы ретінде келген болатын.


Тоқаевтың жарлығымен Марат Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұған дейін бұл қызметке 2022 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған еді.


Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі қызметінде қалды. Ильин де 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр лауазымында отырған адам.


Президенттің жарлығымен Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол 2022 жылы 11 маусымда осы қызметке кіріскен.


Тоқаевтың жарлығымен Ербол Қарашөкеев Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды. Ол бұл қызметке


Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі лауазымын сақтап қалды.